Құрылтайшылар:

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі

ҚР сыртқы істер министрлігі

Ұйымдастырушы:

«КАЗКОНТЕНТ» АҚ

Байқауға қатысушылар

АЗАМАТТЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
Байқаудыңмақсаты:
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін қалыптастыру бойынша ашық байқау көмегімен үздік ұсынысты анықтау мен құру.
Байқаудың негізгі міндеттері:
Қазақстандықтардың отансүйгіштігін нығайту;
шетелдік инвестицияларды тартуда бірегей қазақстандық туристік объектілердің ақпараттық ілгерілетуіне жәрдемдесу;
Халықаралық аренада Қазақстанның танымалдық және тартымдылық имиджін арттыру.
Жүлде қоры:
Жеңімпаз  5 000 000 теңге ақшалай сыйақымен ынталандырылады.
Байқаудың екінші кезеңіне өткен Үміткер-жұмыстардың авторы 200 000 теңге көлемінде ақшалай жүлдемен ынталандырылып, Байқауға қатысушы сертификатына ие болады.
 
Байқаудың жұмыс органдары:
Ұйымдастыру комитеті - құрылтайшылар және ұйымдастырушы.
Сараптама кеңесінің құрамына PR және аралас салаларда, маркетинг, ақпараттық-байланыс технология саласындағы танымал сарапшылар, сондай-ақ объективті, кәсіби және тәуелсіз бағалау жұмысымен қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдері де кіреді.
Конкурстың кезеңі:
Өтініштер қабылдауы 31 тамыздан 15 қазанға дейін
Интернет арқылы дауыс беру
Конкурстың 2-ші кезеңі
Үміткер- жұмыстардың
таныстырылымы
Конкурс
жеңімпазын жариялау
 
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі Байқауға қатысушылар мыналардыұсынуы тиіс:
1.
Логотип – әлемдік аренада Қазақстанның танымалдығын арттыру үшін қолданатын графикалық белгі (эмблема/символ). Ол стилдік әріптер түрінде және/немесе сөзі сәйкестендірілген брендтің атауын беруі қажет. Логотип jpeg, png, giff форматтарда, 1000x1000 px көлемінде ұсынылуы тиіс.
2.
Слоган–туристерді ынталандыру мен инвестициялық тартымдылықты, қазақстандық брендке деген сенімділікті арттыру, мақсатты аудитория назарын тартуға арналған қолданылатын барлық түр жарнама байланыстарын, шағын хабарлама түрінде беретін имидждік ұран болып табылады. Ұсынылатын слоган оңай оқылып, түпнұсқадай (оригинал) болуы қажет. Қызығушылықты арттырып, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы керек.
3.
Қазақстан Республикасының Ұлттық бренд тұжырымдамасы еркін нысандағы мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы және дайындалған болуы мүмкін.
Жұмысты таңдау параметрлері:
Идеяның жаңашылдығы мен түпнұсқалығы
Жеңіл қабылдану мен оңай есте қалуы
Елдің кескін ерекшеліктері (мәдениет, әдет-ғұрып, индустрия, туризм, құндылықтар)
Көркем суреттің тұтастығы
Орындалған жұмыстың эстетикасы мен сапасы
Стандарттық емес техниканы орындау және көркем материалдарды қолдану
Стилдің ұзақтығы
Тартымдылығы
Елдің инновацияны дамыту және енгізуге деген ұмтылысын бейнелеу
Функционалдылығы
Байланыс телефоны: +7 7172 79 82 06 (вн. 171)

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы